Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 398/53 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 148/20 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 мамырда № 5514 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 523/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.09.2020 № 523/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 398/53 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдедегі № 1 "Ел Ақпарат" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8 тармақтың 2) тармақшасының он үшінші абзацы келесі мазмұнда жазылсын: "7 тармақтың 2) тармақшасының бесінші (тек, Ауғанстан Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушылар) және алтыншы абзацтарында (тіс протездеуге) 25 АЕК мөлшерінде - өтінішпен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банктің есеп шотының нөмірі, медициналық мекемеден емделгені туралы анықтама.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Пряхин
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Мұқашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады