Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 810/23 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 5578 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 1504/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 06.11.2024 № 1504/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 9-бабына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. А. Ақылбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "17" шілдедегі
№ 810/23 қаулысымен
бекітілген

Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалын субсидиялаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қалалық рельсті көлік – қала шекаралары мен қала маңы аймағындағы жолдар бойынша жолаушыларды және багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыратын көлік түрі;

      2) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау – тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Павлодар қаласының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;

      3) жергілікті уәкілетті орган – Павлодар қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген.

      3. Субсидиялауға тасымалдаушының қалалық рельсті көлікте жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты залалдары жатады.

      4. Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауын субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.

      Субсидиялау көлемі қалалық рельсті көлікпен тұрақты маршруттарда жолаушылар тасымалдауынан түскен нақты кірістермен және тасымалдаушы арасындағы шығыстар айырмасы ретінде анықталады.

2. Павлодар қаласында қалалық рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдауды субсидиялау тәртібі

      5. Қалалық рельсті көлікпен маршруттары бойынша орындалған тасымалдаулар үшін табыстар тасымалданған жолаушылардың санына көбейтілген жолаушының бір жол жүрген құнымен есептеледі.

      Бұл ретте тасымалданған жолаушылардың көлемі алдағы кезеңге өткен кезең деректерін есепке ала отырып кейіннен нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсынып, болжамды деректер бойынша айқындалады.

      6. Жолаушыларды тасымалдау шығыстарына кіреді:

      1) өндірістік персоналдың жалақы қоры, қозғалыс диспетчерлерінің және операторларының жалақысын қоспағанда (қызметкерлерді міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруға аударымдар және әлеуметтік аударымдармен);

      2) электр энергиясына арналған шығындар (электр энергиясы шығындарының сомасы маршруттардың санына бөлінеді, әрбір маршрутқа бірдей бөліп таратылады);

      3) өндірістік циклде майлау материалдары мен автомобиль отынына шығындар (майлау материалдары мен автомобиль отынына шығындарының сомасы маршруттардың санына бөлінеді, әрбір маршрутқа бірдей бөліп таратылады);

      4) жылжымалы құрамды күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын іске пайдалану шығындары (жылжымалы құрамды күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын іске пайдалану шығындарының сомасы маршруттардың санына бөлінеді, әрбір маршрутқа бірдей бөліп таратылады);

      5) байланыс және кабель желілерін, тартқыш кіші станцияларды, қалалық рельсті жолдарын күтіп ұстауға және жөндеуге пайдалану шығындары (байланыс және кабель желілерін, тартқыш кіші станцияларды, қалалық рельсті жолдарын күтіп ұстауға және жөндеуге пайдалану шығындарының сомасы маршрут санына бөлінеді, шығындар әрбір маршрутқа біркелкі бөлінеді);

      6) жылжымалы құрамды және қосалқы автотрактор техникасын техникалық қарап-тексеруді, техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жұмыстарын жүргізуге арналған шығындар, оның ішінде материалдарды және қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған шығындар;

      7) өндірістік ғимараттарды және құрылыстарды күтіп ұстауға арналған шығындар, оған коммуналдық қызмет төлемдері (жылу энергиясын, суды және суағарларды жеткізу);

      8) қозғалысты диспетчерлеуге жұмсалатын шығындар, оған қозғалыс диспетчерлерінің және операторларының жалақысы, сатып алынған радиостанция құны және олардың тозуы енеді;

      9) радиостанциялар бойынша амортизацияны алып тастағандағы амортизациялық аударымдар;

      10) тасымалдаушымен өндірісті дамыту мен жаңартуға өзіне талынған қарыз бойынша сыйақыны төлеу бойынша шығыстар (қаржылық шығыстар);

      11) өндірістік персонал үшін байланыс қызметі, күзет, сақтандыру, инкассация, оқыту, қайта оқыту, персоналдарды дәрігерлік тексеру, іссапар шығыстары, кеңсе тауарларды алуға шығындар, дәрі-дәрмектерді, арнайы киімдерді сатып алуға жұмсалатын шығындар енетін үстеме шығындар.

      7. Жергілікті уәкілетті орган Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер мен шығыстар негізінде қалалық рельсті көліктің әр бағыты бойынша субсидиялау көлемін анықтайды.

      8. Қалалық бюджеттен қалалық рельсті көлік бойынша субсидияларды төлеу жергілікті атқарушы органмен ай сайын міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы ай сайын, келесі есептік айдың 15-іне дейін жергілікті уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельсті көлікпен нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп беру;

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісі;

      3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельсті көлік маршруттары бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп беру;

      4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельсті көліктің субсидияланатын маршруттарының тізілімі;

      5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тасымалдаушымен құрылған қалалық рельсті көліктің маршруттары бойынша орындалған рейстер туралы анықтама;

      6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдаудан түскен билеттерді сатудан түсетін кірістер бойынша есеп беру;

      7) жергілікті уәкілетті органның сұранысы бойынша іске пайдаланатын шығыстарды бекітетін өзге де құжаттар.

      Ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы үшін тасымалдаушы жауапты.

      10. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидияларды төлеу қалалық рельсті көліктің субсидияланатын маршруттары бойынша болжамды деректер бойынша жасалған, 20 желтоқсаннан кешіктірілмей ұсынылған, келесі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмейтін мерзімде нақты деректер бойынша жасалған есебінің негізінде жүзеге асырылады.

      11. Жергілікті уәкілетті орган тасымалдаушы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 5 жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстар актісіне және қалалық рельсті көліктің субсидияланатын маршруттарының тізіліміне қол қояды.

  Павлодар қаласында Қалалық
рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Қалалық рельсті көлікпен нақты тасымалдаған жолаушылар туралы есеп беру
____________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
20__ жылғы ___________________ бойынша

Қалалық рельсті көлік маршруттарының атауы, нөмірі

1 жолаушыға белгіленген тариф

Есеп беру айында тасымалданған жолаушылар саны

Жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге

1

2

3

4

5






      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны

  Павлодар қаласында Қалалық
рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Орындалған жұмыстар актісі

      Павлодар қаласы                                          20__ жылғы "___" ____
Біз, төменде қол қоюшылар, бірінші тараптан Тапсырыс берушінің өкілі
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
___________________________________________________________________ (атауы)
_________________________________________________________________________
(лауазымы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
екінші тараптан Орындаушының өкілі
_________________________________________________________________________
(атауы)
_________________________________________________________________________
(лауазымы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша орындалған жұмыстар туралы берілген актіні жасадық, келесідей түрде __________________________________________________________________________
                        (қатынас түрі) (атауы, маршруттың нөмірі)
20__ жылғы "__" __________бойынша шарттың талаптарын қанағаттандырады.
Тасымалданған жолаушылар саны
_________________________________________________________________________
(жолаушылардың саны, санмен және жазбаша түрде)
Субсидиялау сомасы:
__________________________________________________________________құрайды
(сомасы теңгемен, санмен және жазбаша түрде)

      Тараптардың заңды мекен-жайлары:

Тапсырыс беруші:

Орындаушы:

Атауы

Атауы

Мекен-жайы

Мекен-жайы

Банктік деректемелер

Банктік деректемелер

  Павлодар қаласында Қалалық
рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

20__жылғы _______айдағы қалалық рельсті көлік маршруттары
бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп беру

      20__жылғы "___" _________

Маршруттың атауы,
нөмірі

Жалақы, мың тенге

Электр энергиясы, мың тенге

Жағармай
материалдары және автомобиль жанар майы, мың тенге

Жылжымалы құрамды қамтуға және жөндеуге пайдалану шығыстары, мың тенге

Байланыс және кабель желілерін, тартқыш кіші станцияларды, қалалық рельсті жолдарын қамтуға және жөндеуге пайдалану шығыстары, мың тенге

Өндірістік ғимараттарды және құрылыстарды қамтуға пайдалану шығыстары, мың тенге

1

2

3

4

5

6

7








     

Қозғалысты диспетчерлеу,
мың тенге

Техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, мың тенге

Амортизация,
мың тенге

Үстеме шығыстар, мың тенге

Барлық шығыстар, мың тенге

Барлық кірістер, мың тенге

Шығындар, мың тенге

8

9

10

11

12

13

14








      Ұйымның басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны

  Павлодар қаласында Қалалық
рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

Қалалық рельсті көліктің субсидияланатын маршруттарының тізілімі

      20___ жылғы "___"______________

Қалалық рельсті көліктің маршрутының атауы, нөмірі

Қалалық рельсті көліктің маршрутының аялдама пункттерінің атауы

Субсидиялау сомасы, мың теңге

1

2

3

4

1




...




      Субсидиялаудың жиынтық сомасы:
________________________________________________________________________
(сомасы теңгемен, санмен және жазбаша)

      Тасымалдаушы:                               Жергілікті уәкілетті орган:
______________________________             ______________________________
(басшының қолы, Тегі, Аты,                   (басшының қолы, Тегі, Аты,
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)             Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _______________________________             _____________________________

(актіні қабылдауға жауапты басшының
қолы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны

(бас бухгалтердің қолы,
Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Мөрдің орны

  Павлодар қаласында Қалалық
рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

Қалалық рельсті көліктің маршруттары бойынша
орындалған рейстер туралы анықтама
__________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
20___ жылғы _____________ бойынша

Рейстердің атауы

Рейстер саны

Жүріс, километр

Ескерту

жоспар бойынша

нақты

жоспар бойынша

нақты

1







2







3







...







Барлығы:







      Қозғалыс қызметінің бастығы

      Жоспарлы-экономикалық бөлімінің бастығы

      Ұйымның басшысы

      Мөрдің орны

  Павлодар қаласында Қалалық
рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдаудан
түскен билеттерді сатудан түсетін кірістер бойынша есеп беру
__________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
20___ жылғы ______________ бойынша

Атауы

Саны, бірлік

Тариф, теңге

Сомасы, теңге

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Билеттерді сатудан түсетін табыстар:





1.1

абонементтік талондарды сату





1.2

жол жүру билеттерін сату





1.3

мектеп оқушыларының жол жүру билеттерін сату





1.4

қоныстану аймағынан тыс тасымалдау бойынша сату





2

Жеңілдік санаттағы азаматтар бойынша табыстар





3

Өзге де табыстар





4

Барлық табыстар, теңге





      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады