Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 811/23 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 5586 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидалар бекітілсін.

      2. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Б. А. Ақылбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "17" шілдедегі
№ 811/23 қаулысымен
бекітілген

Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен
жолаушылар тасымалдау қағидалар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар қаласында Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және Павлодар қаласында қалалық рельстік көлікпен жолаушыларды тасымалдау тәртібін анықтайды.

      2. Қағидалар Павлодар қаласының барлық аумағында әрекет етеді және барлық жеке және заңды тұлғаларға меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі түсініктер:

      1) қалалық рельсті көлік – қала және қаламаңы аймағы шегінде жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі;

      2) бағыт – белгілі бір бастапқы, аралық және соңғы аялдама бекеттері бар трамвайдың белгіленген жүру жолы;

      3) бағыттың ықшамсызбасы – шартты белгілермен бейнеленген бағыттың графикалық бейнесі;

      4) қозғалыс кестесі – жолаушыларды үнемі тасымалдайтын бағыт бойынша трамвайлардың қозғалысының орыны және уақыты туралы мәліметі бар график және/немесе кесте;

      5) рейс – трамвай бағытының бастапқысынан соңғы бекетке дейінгі жолы;

      6) аялдама бекеті – жолаушыларды мінгізу, түсіру және оларға қызмет көрсетуге арнап жасалынған және қолданылатын жол бөлігі;

      7) жол-сапар парағы – көлік құралының жүргізушілеріне күн сайын берілетін, жүргізушінің жұмысына есеп жүргізетін негізгі құжат;

      8) жолаушыларды көліктік тұрақты тасымалдаулар – бекітілген бастапқы және соңғы бекеттерімен, сонымен қатар аралық аялдамалық бекеттері бар, алдын-ала келісілген белгілі бір бағыт, қозғалыс кестесі бойынша трамвайларды қолданып тасымалдаушылар іске асыратын тасымалдаулар;

      9) жол жүру құжаты (билет) – қағаз немесе электрондық түрдегі құжат, оны ресімдеумен рельстік көлікпен жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалынады;

      10) қол жүгі – осы Қағидалардың нормалар белгіленген шегінде трамваймен тасымалданатын және жинақталған жолаушының мүлкі.

      4. Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды үнемі тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы әрбір вагонда, тасымалдаушымен рәсімделетін және осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес трамвай вагонын техникалық тексеру және рейс алдында және рейстен кейін жүргізушіні медициналық куәландырудан өту туралы белгімен ауысу кезінде берілетін жол-сапар парағын қамтамасыз етеді.

2. Қалалық рельстік көлікпен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі

      5. Жолаушыларды көліктік тұрақты тасымалдаулар жолаушылар ағымын талдаулар негізінде, азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылатын, бекітілген бағыт желісі бойынша іске асырылады.

      6. Жол төлемінің көлемі және шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

      7. Жолаушыларды тұрақты қалалық рельсті тасымалдау бағыттарда жол жүру төлемақысы жолаушылардың кондукторға қолма-қол ақша беруімен немесе жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы жүргізіледі.

      8. Қалалық рельсті көлікте жол ақысы нақты жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттерін) берумен белгіленеді.

      9. Біржолғы тексеру билеті жолаушының жол жүріп өту аралығына қарамастан, бір бағытта, бір маршрут бойынша жол жүру кезіне ғана жарамды болады.

3. Қалалық рельсті көлікке қойылатын талаптар

      10. Жолаушыларды тасымалдауға арналған жылжымалы құрамы кем дегенде күніне екі рет жинауға және тұратын орындары ластануына байланысты тазаланып отырылуы қажет.

      11. Жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары жабдықталуы қажет:

      1) қолданылу мерзімі өтпеген қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдары бар дәрі қорабымен;

      2) еңкіш жолда көлік құралы тұрған жағдайда өздігінен жылжымау үшін тұрақтандыруға арналған тұрақ құралы (тоспа);

      3) апаттық тоқтау белгісімен;

      4) өртке қарсы құралдармен;

      5) трамвай салонында жол-көлік уақиғалары болған жағдайда есікті, терезені жедел ашу және шыныны шешу тәсілдері туралы ақпараттық тақтайшалармен;

      6) апатты жағдай нәтижесінде есіктер сыналануда трамвай салонының шынысын сындыруға арналған балғалармен;

      7) GPS (ғаламдық жайғастыру жүйесі) жүйесімен және автоматтандырылған дауысты зорайтқыш қондырғымен.

      12. Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға арналған көлік құралдарында болуы керек:

      1) қандайда бір бөгетсіз ашылып және жабылатын жолаушылар салонының есіктер. Сонымен қатар, көлік құралының есіктерінің үшкір және шығыңқы беттері болмауы қажет;

      2) жүргізушінің кабинасына және жолаушылар салонына атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайтын жабық күйдегі төбе жабыны және терезелер;

      3) берік бекітілген жиектері және орындықтары;

      4) жолаушыларға арналған таза және жыртылмаған орындықтар және арқалықтары;

      5) тегіс, шығыңқы немесе нашар бекітілген бөлшектерсіз, салонның тегіс баспалдақ және едені. Салонның еден жабыны ешбір ақаусыз және жақсы жататын материалдан жасалынуы керек;

      6) көруді төмендететін шаң-тозаңнан, бояудан және басқа заттардан тазаланған терезенің шынысы. Терезенің әрбір саңылауы 30 пайыздан артық көлемде ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен жабылмауы керек;

      7) жылдың салқын кезеңінде жылытылатын және ыстық кезіңде желдетілетін, аспаптармен және қосалқы бөлшектермен қоқырсып жатпаған жолаушылар салоны.

      13. Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға арналған көлік құралының салонында жүргізуші кабинасының қасында келесідей мазмұндағы ақпараттық тақта орналастырылуы керек:

      1) тасымалдаушының толық аталуы;

      2) осы бағыт бойынша қозғалыс кестесі және бағыттың ықшамсызбасының бекітілген тәртіпте расталған көшірмесі;

      3) жол жүруге және жүкті тасуға белгіленген тариф;

      4) жол жүру және жүкті тасуға жол ақысын төлемегендігі үшін айыппұл көлемі;

      5) осы Қағидалардан жолаушылардың және тасымалдаушылардың құқықтары және міндеттеріне қатысты бөліктеншығару.

      14. Трамвайдың алдыңғы, бүйірлік және артқы жақтарында бағыттың нөмірі көрсетілген трафареттер орнатылуы қажет.

      15. Тасымалдаушы жүргізушілерінің рейс алдында және рейстен кейін медицина қызметкерлерінің дәрігерлік тексерулерін қамтамасыз етеді.

4. Жолаушылардың құқықтары және міндеттері

      16. Жолаушы құқылы:

      1) бағыт бойынша бір реттік жол жүргені үшін жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;

      2) 7 жасқа дейінгі бір баланы, оған жеке орын беру құқығынсыз өзімен тегін жүргізуге, сондай-ақ 7 жасқа дейінгі жастағы қалған балаларға құны 50 пайыз билет алуға;

      3) толық билет құнынан 50 пайыз төлеммен 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға билет алуға;

      4) апатты, ақаулығына байланысты бағыттан трамвайды шығарған жағдайда және бұрын сатып алынған билет бойынша осы бағыттағы басқа трамвайда жүруге;

      5) техникалық себеппен 30 минуттан аса ұзақ кешіккен кезде билетті ақшаға айырбастап алуға;

      6) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жолаушының өзге де құқықтары бар.

      17. Жолаушы міндетті:

      1) бағытта жол жүрген уақытында (бір аялдама аралығы) тегін жол жүруге құқық беретін жол жүру билетінің немесе құжатының болуына;

      2) бастапқы кезден жол жүрудің соңына дейін жол жүру төлемін растайтын билетті сақтауға;

      3) кондуктор, контролер және жүргізуші үшін жол жүру құжаттарының (билеттерінің) барлық түрін алғаш талап еткен кезде ашық түрде көрсетуге. Жолаушының тиісті жеңілдікпен жүру құқығын растайтын құжатының болуы кезінде жеңілдікті және тегін жол жүруі жүзеге асырылуы мүмкін;

      4) жол жүру және (немесе) багаж тасымалы төлемінен бас тартқан жағдайда, сондай-ақ беру кезінде билеттің және құжаттың жарамсыз немесе жасанды белгісінің болуы кезінде өкілетті тұлғаның талап етуі бойынша жол жүру және багаж тасымалдау төлеміне бақылауды жүзеге асырады, жақын аялдама бекетінде трамвай салонын босатуға.

      18. Рельсті көліктің қызметін пайдалану кезінде жолаушыларға тыйым салынады:

      1) өзінің жол жүру билетін басқа тұлғаға беруге;

      2) жарамсыз жол жүру билетпен жүруге;

      3) аяқ астында және басқа трамвай элементтерімен жүруге жол жүру үшін тағайындалмаған;

      4) трамвайдан қозғалыс уақытында кіруге және шығуға;

      5) есікті ашу, төтенше-тежегіш үшін механизм әрекетіне келтіру, сондай-ақ жайсыз жағдайдың алдын-алу қажеттілігінен басқа, есікті ашу және жабуға кедергі келтіру;

      6) жолаушылар мен орындықтарды былғауы мүмкін лас киіммен салонға өтуге және багаж кіргізуге;

      7) терезеден үңіліп қарауға, орындыққа багажды қоюға, кондуктор орынын иемденуге;

      8) кабина есігінің табалдырығында немесе жүргізуші кабинасында тұрып оның көңілін аударуға, қозғалыс уақытында сөйлесуге, сондай-ақ жүргізушінің салонды шолып қарауын жауып, кабинасы маңында тұруға;

      9) трамвай салонында әлде бір хабарламаларды және жарнама парақтарын тасымалдаушы әкімшісінің келісімінсіз жапсыруға;

      10) трамвайдың ішкі жабдықтарын бүлдіруге;

      11) трамвайдың салонында қоғамдық тәртіпті бұзуға, шегуге, ішкілікті немесе (және) наркотикалық мас болу жағдайында кіруге, ішімдік немесе спиртті ішімдік ішуге, наркотикалық құрал немесе психитроптық зат тұтынуға;

      12) тасымалдауға тыйым салынады:

      12-1) тез тұтанғыш, жарылғыш, жеңіл тұтанғыш, жағымсыз иісті, уландырғыш, уытты заттар;

      12-2) ұзындығы, ені және биіктігі өлшеу бойынша 180 сантиметр аспайтын ауқымды багаж;

      12-3) 60 килограммнан жоғары салмағы багаж;

      12-4) ұзындығы 190 сантиметрден (шаңғыдан басқа) артық заттар.

  Павлодар қаласында
Қалалық рельсті
көлікпен жолаушылар
тасымалдау қағидаларына
қосымша

      Жол-сапар парағы № ____________

      айы _________________ 20 _____ жыл

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______ класс _______куәлік № ___________

Айдың күні

Вагон №

Бағыт №

Кесте №

Шығу уақытты

Кіру уақытты

Сапар саны

Қалалық рельсті көлікті желіге техниқалық жарамды күйде шығарды

Қалалық рельсті көлікті желіге техниқалық жарамды күйде қабылдады

Медициналық күәландыру өту туралы белгілу

жоспар бойынша

нақты

жоспар бойынша

нақты

жоспар бойынша

нақты

диспетчердің қолы

шебердің қолы

жүргізушінің қолы

рейс алдында

рейстен кейін





















      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады