Павлодар қаласы әкімінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы "Жергілікті деңгейде техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 тамызда № 5604 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласы әкімінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы "Жергілікті деңгейде техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5337 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қаңтардағы "Звезда Прииртышья" және "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Т. Қ. Сқақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады