Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешеміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 132/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 тамызда № 5610 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 313/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 15.05.2019 № 313/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешеміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған шешімнің қазақ тіліндегі кіріспесі "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "2001 жылғы 23 қаңтардағы" деген цифрлар және сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Әліпов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2017 жылғы 9 тамыздағы
№ 132/16 шешіміне
қосымша
  Ақсу қалалық мәслихатының
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 38/5 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның Павлодар облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Ақсу аудандық болімшесі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек Ақсу қаласының аумағында тұрақыт тұратын, мынадай санаттағы мұқтаж азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

      2-1) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға;

      2-2) қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;

      2-3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

      2-4) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы (бұдан әрі – КСРО) Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      2-5) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:

      3-1) бұрынғы КСРО қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге;

      3-2) ЧАЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына;

      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:

      4-1) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасына;

      4-2) қайтыс болған ҰОС мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне);

      4-3) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988 - 1989 жылдардағы ЧАЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға;

      4-4) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға;

      5) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен азаматтарға (тұғаларға), атап айтқанда:

      5-1) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұғаларға, зейнеткерлерге);

      5-2) зейнеткерлік жаксқа толған жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтарға (зейнеткерлерге);

      5-3) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған тұлғаларға;

      5-4) 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға (зейнеткерлерге);

      6) мүгедектерге, атап айтқанда:

      6-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға;

      6-2) 1 және 2-топтағы мүгедектерге;

      6-3) кәмелетке толмаған балалары бар 3 топтағы мүгедек әйелдерге;

      6-4) отбасы құрамында мектепке дейінгі жастағы балалары (баласы) бар мүгедектерге;

      6-5) жоғары және орта оқу орындарында сырттай және қашықтықтан оқу түрлерінде оқитын мүгедектерге;

      6-6) жүктілік мерзімінде 12 аптаға дейін есепке тұрған жүкті мүгедек-әйелдерге;

      6-7) санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін 1 топтағы мүгедектерге;

      7) аз қамтылған азаматтарға, атап айтқанда;

      7-1) жедел және жоспарлы хирургиялық операциядан өткен тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын адамдарға;

      7-2) жүктілік мерзімде 12 аптаға дейін есепке тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған отбасылардағы жүкті әйелдерге;

      7-3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын, өрт, зіл-зала апаты, жазатайым оқиға, төтенше жағдайлар, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, соның ішінде үй тұрмысы құралдары, пәтер заттары және шаруашылық құрылыстары жартылай зақымданған кезде;

      7-4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын уәкілетті органның есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;

      7-5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың қатарындағы көп балалы аналарға;

      8) ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектептердің түлектерінің қатарынан мемлекеттік жалпы білім беру грантына түсе алмағандарға және қала әкімі грантымен оқып жатқан студенттерге, атап айтқанда;

      8-1) ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектептердің түлектерінің қатарынан жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы 2 тоқсанның күнкөріс минимумының бір есе мөлшерінен аспайтын отбасының балаларына;

      8-2) ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектептердің түлектерінің қатарынан жетім – балаларға;

      8-3) қала әкімінің гранты бойынша оқып жатқан студенттерге;

      9) әлеуметтік маңызы бар мынадай аурулардан зардап шегетін азаматтарға, атап айтқанда:

      9-1) қатерлі ісіктер ауруымен ауыратын адамдарға

      9-2) туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға

      9-3) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыраты ауыратын адамдарға;

      10) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.

      9. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті көрсетеді:

      1) Атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) Жеңіс күніне орай уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 8-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-2) Халықаралық әйелдер күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 8-тармақтың 7-5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      1-3) Халықаралық қарттар күніне орай уәкілетті ұйымның және мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тізімдері негізінде 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      1-4) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай уәкілетті ұйымның және мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тізімдері негізінде 8-тармақтың 6-1), 6-2), 6-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      2) Біржолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үйді жөндеуге 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде, азық-түлік жиынтығын сатып алуға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      2-2) 8-тармақтың 1), 2-4), 2-5), 3), 4-4) тармақшаларында (ЧАЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқан адамдар санынан ғана) көрсетілген санаттар үшін, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банк операциялары түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), автомобиль немесе теміржол көліктерінде пайдаланылған жол билеттерінің, санатын растайтын құжаттың көшірмелері негізінде, Алматы және Астана қалаларының госпитальдарына бару және тұрғылықты жеріне кері қайтуға жолақы шығыстарын өтеуге;

      2-3) 8-тармақтың 1), 2-4), 3-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), санатын растайтын құжаттың көшірмелері негізінде, медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес (төлеу туралы түбіртек қосымшамен бірге), тіс протездеуге 8 (сегіз) АЕК-тен аспайтындай;

      2-4) 8-тармақтың 5-3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), уәкілетті органның тізімі, санатын растайтын құжаттың көшірмелері негізінде қатты отын сатып алуға 5 (бес)АЕК мөлшерінде;

      2-5) 8-тармақтың 6-6), 7-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), көшірмелері, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясы анықтамасының негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      2-6) 8-тармақтың 8-1), 8-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмелері, білім беру қызметін көрсетуге студенттің, Ақсу қаласы әкімі мен жоғары оқу орны басшысының үш жақты келісім-шарттың негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге нақты құнының мөлшерінде;

      2-7) 8-тармақтың 9-1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ауруды растайтын анықтамасы, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмелері негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      2-8) Ақсу қаласында тұратын және амбулаторлық емделіп жатқан, 8-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, өтініш берген айдан бастап әлеуметтік көмекке құқығы пайда болғанан кейін, "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" (анықтама берілген уақыттан бастап бір ай мерзімінде жарамды) мемлекеттік мекемесінің ауруды растайтын анықтамасы, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), көшірмелері негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      2-9) 8-тармақтың 9-3) тармақшасында көрсетілген санаттар, "ЖҚТБ-ға қарсы күресу және алдын алу жөніндегі Павлодар облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесінің Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      2-10) 8-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінің тізімі, оңалтудың және әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы, бір жолғы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шоты көрсетілген, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаты (мекенжай анықтамасы), жеке куәлігінің көшірмесі негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      2-11) 8-тармақтың 6-7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде (сауықтыруға) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      2-12) 8-тармақтың 6-7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін өтініш берушінің және еріп жүретін адамның жеке куәлігінің, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде (еріп жүретін адамның тұру, тамақтану және жол ақысына) 40 (қырық) АЕК кем емес мөлшерде;

      3) Табысты есепке алмағанда тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) 8-тармақтың 2-4), 2-5) тармақшаларында, 3-1), 3-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмесі, санатың растайтын құжаттың көшірмесі, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші негізінде сауықтыруға 2 (екі) АЕК мөлшерінде.

      4) Табысты есепке алмағанда ай сайын әлеуметтік көмек:

      4-1) 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде дәрі-дәрмек сатып алуға 1 (бір) АЕК мөлшерінде, жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды өтеуге 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      4-2) 8-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісім-шартқа сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде көрсетілетін Ақсу қаласында қимыл-қозғалыстары шектеулі мүгедектерді көліктік тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерге және көп қабатты ғимаратқа баспалдақ аралығынан көтерілгіш құралының көмегімен арбалы-мүгедектерді тасымалдауға;

      4-3) Ақсу қаласының селолық округтерінде тұратын 8-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, өтініш берген айдан бастап әлеуметтік көмекке құқығы пайда болғанан кейін, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмелері, "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің ауруды растайтын анықтамасы (анықтама берілген уақыттан бастап бір ай мерзімінде жарамды) негізінде амбулаторлық ем алып отырған кезге жол ақысы мен тамаққа 6 (алты) АЕК мөлшерінде;

      4-4) Ақсу қаласында тұратын және амбулаторлық ем алып жүрген, 8-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен берілген тізім негізінде мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісім-шартқа сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік қызметтер;

      4-5) 8-тармақтың 6-4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы), мектепке дейінгі мекемесімен шартының көшірмесі, нақты қатысқан күндерінің төлеу түбіртегі, негізінде балалардың (баланың) балаларға арналған мектеп алды мекемесіне баруды төлеуге белгіленген құны мөлшерінде;

      4-6) 8-тармақтың 6-5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы), негізінде "Интернет" желісіне қосылу және оны қолдану үшін нақты құны мөлшерінде, білім беру қызметін көрсетуге, студенттің, жоғары оқу орны басшысының келісім - шарттың, мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, "Қазақтелеком" АҚ көрсететін телекоммуникациялық қызметі туралы келісім - шарттың көшірмесі, өткен айда төленген түбіртек көшірмесі;

      4-7) 8-тармақтың 8-3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органмен берілген тізім негізінде жоғары оқу орындарында оқыған кезеңде тұруына, тамағы мен тұрғылықты жері бойынша жолақысына 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге мөлшерінде;

      5) Табыстарын есепке ала отырып, біржолғы әлеуметтік көмек:

      5-1) 8-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін өтініші, жеке куәлігінгінің Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы), екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде, жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасы 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      5-2) 8-тармақтың 7-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін өтініші, жеке куәлігінің, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы), екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      5-3) 8-тармақтың 7-3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның шешімі бойынша (өрт болған кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің немесе (су тасқыны кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы (анықтамасы) негізінде 70 (жетпіс) АЕК дейінгі мөлшерде;

      5-4) 8-тармақтың 7-4) тармақшасында және 10) тармақшасында көрсетілген жұмыссыз ретінде уәкілетті органның есебінде тұрған, табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда күн көріс минимумының бір еселік мөлшерінен аспайтын санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмесі, материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу актісі негізінде жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға 113 (жүз он үш) АЕК мөлшерінде.

      6) Әлеуметтік көмек мерзімді (жарты жылда бір рет) көрсетіледі:

      6-1) 8-тармақтың 8-3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін білім беру қызметін көрсетуге студенттің, Ақсу қаласы әкімі мен жоғары оқу орны басшысының үш жақты келісім-шарттың негізінде, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көшірмелері негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге нақты құнының мөлшерінде.

      10. 9 тармақтың 5-3) тармақшада көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) Ақсу қаласының аумағында тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      14. Әлеуметтік көмек ұсынуға қаржыландыру шығыстары Ақсу қаласының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына төлемдердің қаржыландыру жоспары бойынша жүргізеді.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару негіздемелері

      15. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ақсу қаласы аумағы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      16. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      17. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады