Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 30.04.2021 № 40/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ғ. Әмірханова |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |
Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 313/42 шешімімен бекітілді |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 17.06.2020 № 425/62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ақсу қалалық бөлімі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақсу қаласы әкімінің шешімі және Ақсу қаласының ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
3. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6, 7, 8 - баптарында (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмекті төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек Ақсу қаласының аумағында тіркелген адамдарға бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасында атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні;
5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
6) қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні;
7) қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні;
8) 1 қазан - Қарттар күні;
9) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
Ескерту. 6 - тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 476/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының
тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін
белгілеу тәртібі
7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері (бұдан әрі – ҰОС);
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
4) еңбек ардагерлері;
5) Заңның 8 - бабының күші қолданылатын басқа да тұлғалар;
6) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтар (тұлғалар, зейнеткерлер);
6-1) зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар (тұлғалар, зейнеткерлер);
7) мүгедектер, атап айтқанда:.
7-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
7-2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
7-3) кәмелетке толмаған балалары бар 3 топтағы мүгедектер;
7-4) отбасы құрамында мектепке дейінгі жастағы балалары (баласы) бар мүгедектер;
7-5) жоғары және орта оқу орындарында сырттай және қашықтықтан оқу түрлерінде оқитын мүгедектер;
7-6) жүктілік мерзімінде 12 аптаға дейін есепке тұрған жүкті мүгедек әйелдер;
7-7) санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін 1 топтағы мүгедектер;
7-8) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
8) аз қамтылған азаматтар, атап айтқанда:
8-1) жедел және жоспарлы хирургиялық операциядан өткен тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын азаматтар;
8-2) жүктілік мерзімде 12 аптаға дейін есепке тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған отбасылардағы жүкті әйелдер;
8-3) жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы екінші тоқсанның ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір есе мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасының, ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектеп түлектерінің және мемлекеттік жалпы білім грантын ала алмаған қатарындағы тұлғалар;
8-4) ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектеп түлектері қатарынан және мемлекеттік жалпы білім грантын ала алмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;
8 - 5) облыстың жоғары оқу орындарында қала әкімінің гранты бойынша оқитын студенттер, сондай-ақ "Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында оқитын интерн-студенттер;
8-6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын уәкілетті органның есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;
8-7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);
9) табиғи апаттың (су тасқыны) немесе өрттің салдарынан мүлікке зиян келуіне байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған және өмір сүруге қаражатсыз қалған азаматтар, оның ішінде үй керек - жарақтары, заттар, тұрғын үй және шаруашылық құрылыстары ішінара зақымданған азаматтар (меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, үйлер) бар азаматтарды қоспағанда);
10) әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын азаматтар, атап айтқанда:
10-1) қатерлі ісіктер ауруларына шалдыққан адамдар;
10-2) туберкулез ауруына шалдыққан адамдар;
10-3) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыратын 16 жастан асқан адамдар;
10-4) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыратын 16 жасқа дейінгі балалар;
11) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
12) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға.
Ескерту. 7 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 476/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Әлеуметтік көмекті уәкілетті орган көрсетеді:
1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
1-1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Қеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне, Отан қорғаушы күніне, Жеңіс күніне, Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне, Отбасы күніне, Еңбек күніне, Қарттар күніне 7 - тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7-8), 12) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
1-2) Халықаралық әйелдер күніне орай - уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
1-3) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай - уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде 7-тармақтың 7-1), 7-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
7-тармақтың 7-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін балалардың туу туралы куәлігі, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмелері негізінде;
2) табысты есепке алмағанда біржолғы әлеуметтік көмек: .
2-1) 7-тармақтың 7-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып өтініш, емханаға тіркелген жері бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш ( бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
2-2) 7-тармақтың 7-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып өтініш, 1 топтағы мүгедектігі туралы анықтаманың, санаторлық-курорттық емделуді (бұдан әрі – СКЕ) қажет ететін оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – ОЖБ) негізінде (сауықтыруға) 10 (он) АЕК мөлшерінде;
2-3) 7-тармақтың 7-1), 7-7) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып өтініш, 1 топтағы мүгедектігі туралы анықтаманың, СКЕ қажет ететін ОЖБ, жеке көмекшінің мәртебесін растайтын құжаттардың негізінде (жеке көмекшінің тұру, тамақтану және жолақысына) 40 (қырық) АЕК мөлшерінде;
2-4) Алып тасталды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 476/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-5) уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін пешпен жылытылатын үйлерде тұратындарға газ талдағыштарды орнату үшін нақты құны мөлшерінде;
2-6) 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (1 бірлік тұрғын үй болған жағдайда) негізінде 70 (жетпіс) АЕК мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі - өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап екі ай ішінде;
2-7) 7-тармақтың 10-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш, емханаға тіркелген жері бойынша ауыруын растайтын дәрігерлік - қеңес комиссиясының қортындысы негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
2-8) 7-тармақтың 10-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақсу бөлімшесімен берілген тізім негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
2-9) 7-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін Ақсу қаласының полиция бөлімі ұсынған тізімі, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының, атап айтқанда Ақсу қаласының пробация қызметі ұсынатын біржолғы әлеуметтік көмек алуға, босату туралы анықтаманың көшірмесі негізінде 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;
3) табысты есепке алмағанда тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
3 - 1) 7 - тармақтың 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, атап айтқанда: оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне –Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш, санатын растайтын құжаттың көшірмесі негізінде сауықтыруға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
4) табысты есепке алмағанда ай сайынғы әлеуметтік көмек:
4-1) 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде дәрі-дәрмек сатып алуға 1 (бір) АЕК мөлшерінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
4-2) 7-тармақтың 7-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің, мектепке дейінгі мекемемен шартының, мүгедек туралы анықтаманың көшірмелері, өткен айда нақты қатысқан күндерінің төлеу түбіртегінің түпнұсқасы негізінде балалардың (баланың) балаларға арналған мектепке дейінгі мекемеге баруды төлеуге белгіленген құны мөлшерінде;
4-3) 7-тармақтың 7-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып өтініш, білім беру қызметін көрсетуге студенттің және жоғары оқу орны басшысының келісім-шарттың, мүгедектігі туралы анықтаманың, "Қазақтелеком" АҚ көрсететін телекоммуникациялық қызметі туралы келісім-шарттың көшірмелері, өткен айда төленген түбіртек түпнұсқасы негізінде "Интернет" желісіне қосылу және оны қолдану үшін нақты құны мөлшерінде;
4-4) 7-тармақтың 8-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін жоғары оқу орындарында оқыған кезеңде тұруына, тамағы мен тұрғылықты жері бойынша жолақысына 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге мөлшерінде;
4-5) 7-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін амбулаторлық емделу кезінде шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тізімі негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
4-6) 7-тармақтың 10-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін Қазақстан Республикасы бойынша күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінде – Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақсу бөлімшесі ұсынған тізімі негізінде;
5) табыстарын есепке ала отырып, біржолғы әлеуметтік көмек:
5-1) 7-тармақтың 8-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш, шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-консультациялық комиссиясының анықтамасы, жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасы негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
5-2) 7-тармақтың 8-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш, емханаға тіркелген жері бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
5-3) 7-тармақтың 8-6), 11) тармақшаларында көрсетілген жұмыссыз ретінде уәкілетті органның есебінде тұрған, табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын санаттар үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш, әлеуметтік көмектің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжат (жануарды, малды сату-сатып алу туралы келісім-шарт, тауарлық жүкқағаз) негізінде қажетті жабдықтарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малдарды сатып алу үшін 113 (жүз он үш) АЕК мөлшерінде;
6) әлеуметтік көмек мерзімді (жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:
6-1) 7-тармақтың 8-3), 8-4), 8-5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін білім беру қызметтерін көрсетуге оқудың нақты құны мөлшерінде, Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3), 4) 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жоғары оқу орнының басшысы, Ақсу қаласының әкімі және студент арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шарт негізінде.
Ескерту. 8 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 476/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
10. 8-тармақтың 2-3), 2-6), 5-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидалардың 12-27 - тармақтары негізінде анықталады.
4-тарау. Қорытынды ереже
12. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 313/42 шешіміне қосымша |
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
2. Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 9 тамыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Ақсу қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" № 132/16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5610 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 қыркүйекте "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
3. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 179/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5905 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
4. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 тамыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 232/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6060 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 қыркүйекте "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған).