Ақсу қаласы Достық селолық округінің Достық ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы № 1-03/02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қазанда № 5654 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 1-03/09 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің 28.11.2018 № 1-03/09 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Достық селолық округінің Достық ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Достық селолық округі әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Жаксылыков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы министрлігінің
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Г. Батаев
      2017 жылғы "11" қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қаласының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы К. Амренов
      2017 жылғы "11" қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қалалық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы А. Жалелов
      2017 жылғы "11" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады