Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 18/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 ақпанда № 5373 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 415/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 10.12.2019 № 415/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекеттік сатып алуды жүргізудің сапасын арттыру мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 29/01 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 болып тіркеліп, 2016 жылғы 18 наурыздағы № 12 "Баянтау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. "Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Каиргельдинов

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "3" ақпандағы
№ 18/2 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

р/с №

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Сатып алуға лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады