Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Күркелі ауылының және Большевик ауылының көшелеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 5376 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Күркелі ауылы және Большевик ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде, Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округіндегі Күркелі ауылының "Күркелі" көшесі - "Салық Сапабеков" көшесіне, Большевик ауылының "Достық" көшесі - "Садық Сапабеков" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күркелі ауылдық
      округі әкімінің м.а. Т. Сагинтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады