Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 22.02.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің Ынтымақ ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақұдық ауылдық округінің әкімі | Е. Нукенов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Ертіс аудандық | |
аумақтық инспекциясының басшысы | Е. Каримжанов |
2017 жылғы "1" тамыз |