Качир ауданы Верненка ауылдық округі Львовка ауылының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Верненка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 5489 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Верненка ауылдық округі Львовка ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 11 маусымдағы қорытындысы негізінде Верненка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Верненка ауылдық округі Львовка ауылының атауы жоқ көшесіне "Василий Васильевич Степаненконың" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Верненка ауылдық округінің әкімі Г. Ахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады