Качир ауданы Верненка ауылдық округі Фрументьевка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Верненка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 26 қазандағы № 9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 02 қарашада № 5663 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Верненка ауылдык округі Фрументьевка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Верненка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Верненка ауылдық округі Фрументьевка ауылының келесі көшелері:

      "Советов" көшесі "Атамекен" көшесі болып;

      "Клубная" көшесі "Мерей" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Верненка ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Г. Ахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады