Май ауданында 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 93/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 5523 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданында 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары М.Қ. Құсайыноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Қаңтарбаев

  Май ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "12" мамырдағы
№ 93/5 қаулысына
қосымша

Май ауданында 2017 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 25.07.2017 № 139/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің атауы

Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда айына жан басына қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың айына ақы төлеу мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Май ауданы әкімдігінің, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Ақбота" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

70
(жергілікті бюджет)

38804

32175

1 жастан 3 жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800

2.

Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының "Қарлығаш" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

50
(жергілікті бюджет)

45244

38388

1 жастан 3 жасқа дейін - 6600;
3 жастан 7 жасқа дейін - 7000

3.

Май ауданы әкімдігінің, Қаратерек селолық округі әкімі аппаратының "Балбөбек" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

70
(жергілікті бюджет)

32932

26475

1 жастан 3 жасқа дейін - 6000;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800

4.

Май ауданы әкімдігінің, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Айгөлек" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

70
(жергілікті бюджет)

39191

32562

1жастан3жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800

5.

Май ауданы әкімдігінің, Ақшиман селолық округі әкімі аппаратының "Балауса" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын

30
(жергілікті бюджет)

38304

31678

1 жастан 3 жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800

6.

Май ауданы әкімдігінің "Балдәурен" балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

45
(жергілікті бюджет)

56211

49411

3 жастан 7 жасқа дейін - 6800

7.

Май ауданы әкімдігінің, Саты селолық округі әкімі аппаратының "Әйгерім" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

20
(жергілікті бюджет)

64867

57742

1 жастан 3 жасқа дейін - 6800;
3 жастан 7 жасқа дейін - 7300

8.

Май ауданы әкімдігінің, Май селолық округі әкімі аппаратының "Балдырған" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

50
(жергілікті бюджет)

41218

34578

1 жастан 3 жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 7000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады