Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі Луганск ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 1-05-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 5375 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Луганск ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Луганск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар ауданы Луганск ауылдық округінің Луганск ауылының "Ленин" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Луганск ауылдық
      округінің әкімі В. Турсунова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады