Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Новоямышево, Әйтім және Қаратоғай ауылдарында көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 сәуірде № 5469 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Кеңес ауылдық округінің ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Кеңес ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Новоямышево ауылында "Заготзерно" көшесі "Нұрлы Жол" көшесі, "Целинная" көшесі "Әлихан Бөкейханов" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Әйтім ауылында "Школьная" көшесі "Шонай Асанбайұлы" көшесі болып қайта аталсын.
      3. Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Қаратоғай ауылында "Школьная" көшесі "Жанкүміс Акишева" көшесі, "Почтовая" көшесі "Сейітжан Мағзұмов" көшесі болып қайта аталсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кеңес ауылдық округінің әкімі А. Бердыханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады