Павлодар ауданы Ольгинка ауылының "Сарбие" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы Ольгинка ауылдық әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 1-03-04 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 шілдеде № 5563 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Ольгинка ауылдық әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 1-03-05 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Ольгинка ауылдық әкімінің 28.12.2017 № 1-03-05 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 2-36/187 ұсынысы негізінде, Ольгинка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Ольгинка ауылы "Сарбие" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақлауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ольгинка ауылының әкімі Е. Дочкина
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар аумақтық инспекциясы
      Комитетінің терриотариалдық бақылау және қадағалау
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Қазақстан Республикасының басшысы М. Апсаликов
      2017 жылғы 14 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады