Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы "2017 жылға Успен ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" № 236/12 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 177/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 тамызда № 5601 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы "2017 жылға Успен ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" № 236/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 желтоқсанындағы № 5296 тіркелген, 2016 жылғы 24 желтоқсандағы "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Саламацкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады