Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 08.11.2017 № 102/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Успен ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Э. Руфф |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |
Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 207/38 шешімімен бекітілген |
Успен ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже
1. Жалпы Ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және ауданның Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.
2. Успен ауданының Құрмет грамотасымен экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушіліктің, әскери және қоғамдық, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар марапатталады.
3. Успен ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық ұжымдармен, аудандық өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, демократияның, достық пен қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюына, Успен ауданының аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін енгізіледі.
4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.
Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.
2. Успен ауданы Құрмет грамотасының сипаттамасы
5. Успен ауданы Құрмет грамотасының формасы:
- мемлекеттік тілінде: Успен ауданының Құрмет грамотасы;
- орыс тілінде: Почетная грамота Успенского района.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен мемлекеттік тілде "Успен ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Успенский район" жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік тілде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.
3. Успен ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі
6. Успен ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Успен аудандық мәслихаты хатшысының және Успен ауданы әкімінің ұсынысы бойынша Успен аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының хатшысы және Успен ауданының әкімі қол қояды.
7. Успен ауданының Құрмет грамотасы тапсыру салтанатты түрде Успен ауданы мәслихатының хатшысымен және Успен ауданының әкімімен өткізіледі.
8. Успен ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Успен ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.
9. Марапаттау бойынша материалдар Успен ауданының мәслихатында сақталады.