Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Белоусов ауылдық округі әкімінің 16.08.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Белоусов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруы анықталғанына байланысты, Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің Тимирязев ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Успен ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық саулыққа қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Белоусов ауылдық | |
округінің әкімі | Д. Аспанов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Успен ауданының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы | Л. Бараисова |
2017 жылғы "05" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрлігінің | |
Ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Успен | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы | Б. Агатанов |
2017 жылғы "05" желтоқсан |