Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 2-19/241 ұсынысы негізінде, Белоусов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің Тимирязев ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Успен ауданының Белоусов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы "Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің Тимирязев ауылынның аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5752 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Белоусов ауылдық | |
округінің әкімі | Д. Аспанов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрлігінің | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Успен | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы | Б. Ағатанов |
2018 жылғы "16" тамыз | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Успен ауданының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Л. Бараисова |
2018 жылғы "16" тамыз |