Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 106/37 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 87/25 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қыркүйекте № 5627 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 106/37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы аудандық "Маралды" газетінде, 2014 жылғы 27 ақпандағы аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8-тармағының 2) тармақшасында келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Қағиданың 7–тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын-үйге жөндеу жүргізу үшін 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, үй иелігі құқығын растайтын құжат, тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі негізінде;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық маслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы С. Шпехт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады