Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 114/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 5805 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 47/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 07.09.2021 № 47/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық мәселелері және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық маслихат хатшысы С. Шпехт

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2017
жылғы 28 желтоқсандағы
№ 114/33 шешімімен
бекітілген

Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен
коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз
қалдықтарды басқару Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) басқару тәртiбiн анықтайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды басқару Шарбақты ауданының жергiлiктi атқарушы органымен (бұдан әрі - жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсаты үшін жергiлiктi атқарушы органымен мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрылады (бұдан әрі - Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша "Шарбақты ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыстарды ұйымдастыратын орган болып табылады.

      5. Қалдықтарды басқару - бұл иесіз қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен
болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 Қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес, қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жүзеге асырылады.

      7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органымен Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін иесіз қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады