Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының "Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 114/33 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5805 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы | Н. Кизатов |