Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Теміржол көлігі туралы" Заңының 14 бабы 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, тарифтердің қол жетімді деңгейін және халықтың қала маңындағы қатынастарда еркін қозғалуы мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, теміржол көлігі саласындағы Алматы қаласының әлеуметтік мәні бар қала маңындағы жолаушылар қатынастарының тізбесі бекітілсін.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р. Бадаеваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
4. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VI сайланған Алматы қаласы | |
мәслихатының XVI сессиясының төрағасы | Ш. Умаров |
VI сайланған Алматы | |
қаласы мәслихатының хатшысы | Қ. Қазанбаев |
VI cайланған Алматы қаласы мәслихатының XVI сессиясының 2017 жылғы 24 мамыр № 101 шешіміне қосымша |
Теміржол көлігі саласындағы Алматы қаласының әлеуметтік мәні бар
қала маңындағы жолаушылар қатынастарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Қала маңындағы қатынастар: |
1 | Қазыбек бек – Алматы 2 – Қазыбек бек |
2 | Алматы 1 - Қапшағай - Алматы 1 |