"Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 134 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 4175 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 50-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына ("Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 ақпан жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3610 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

Айыртау ауданы
1
Байсары
Лобанов,
Лобаново
350
500
50

      жолдары алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің Су ресурстарын
кешенді пайдалану жөніндегі
Солтүстік Қазақстан аумақтық
бөлімінің басшысы
А. Қожанов
      2017 жылғы 05 сәуір
      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Ю. Пузиков
      2017 жылғы 05 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады