"Концессияға ұсынылатын объектілер және іске асырылуы (2016-2018 жылдарға) жобаланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы N 14/9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 маусымда N 4245 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Концессияға ұсынылатын объектілер және іске асырылуы (2016-2018 жылдарға) жобаланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3947 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрде Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      ХІV сессиясының төрағасы Е. Алпысов
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың хатшысы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық
  мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы № 14/9 шешіміне қосымша
  "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне 1 қосымша

Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңдегі (2016-2018 жылдарға)

концессияға ұсынылған объектілер тізбесі

№ р/с

Атауы

1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері

2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер

1)

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру

2)

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Жалел Қизатов атындағы көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру

3)

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қаланы жарықтандыру желісін реконструкциялау және пайдалануға беру

4)

Солтүстік Қазақстан облысының халқына амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету үшін офтальмологиялық диагностика орталығын салу және пайдалануға беру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады