"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 170 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 шілдеде № 266 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 тамызда № 4282 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 05.02.2020 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 170 қаулысына (2016 жылғы 11 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мынадай мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:

      "4-1. Көрсетілетін қызметті алушыларға денсаулығының жағдайына байланысты Мемлекеттік корпорацияға жеке өзінің келу мүмкіндігі жоқ болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері (қағаз нұсқаны толтырған кезде) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізеді.";

      осы қаулымен бекітілген, "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне, осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 шілдедегі № 266 қаулысына қосымша
  "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
  1-қосымша

Қызмет көрсетушінің атауы

Р/с

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Жұмыс уақыты

1

2

3

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық – инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Петропавл қаласы, Қазақстан Қонституциясы көшесі, 58

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қос алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-дан 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады