Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 450 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 4421 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 19.03.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен бекітілген 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің 9-5-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 450 қаулысымен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен бекітілген 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің 9-5-бабына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын (бұдан әрі - шығыстар) субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) облыстың уәкілетті органы – Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жолаушылар көлігі саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген облыстық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын атқарушы орган;

      2) Ұлттық инфрақұрылым операторы - магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.

      2. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау тәртібі

      3. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындайтын шығыстары облыстық бюджеттен субсидиялауға жататын конкурс нәтижесі бойынша айқындалған тасымалдаушының шығыстары субсидиялауға жатады.

      4. Шығыстарды жыл сайын субсидиялаудың жалпы сомасы облыстың жергілікті атқарушы органы бекітетін Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес есептелген облыстық бюджетте қарастырылады.

      5. Поездардың тізбесін, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың санын, олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастарда қатынау кезеңділігін, осы поездардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің көлемін облыстың уәкілетті органы айқындайды.

      6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялар мөлшерін облыстық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып Әдістемеге сәйкес жүргізеді.

      7. "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелді) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе вагондары, дизель және электр поездарының вагондары, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар, сондай-ақ тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шеңберінде жолаушылар поезының қатынауын (пайдаланылуын) қамтамасыз етуге технологиялық тұрғыда қажет вагондар санаттарымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты нақты шығыстары субсидиялауға жатады.

      8. Бекітілген облыстық бюджет шегінде мынадай шығыстардың түрлері субсидиялауға жатады:

      1) магистральды теміржол желісінде көрсетілетін қызметтер шығыстары, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың поездарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүрген жолының шығыстары;

      2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада еңбек төлемі қорын, поездарды тартуға арналған отын және электр энергиясын қоса алғанда, тарту жылжымалы құрамды пайдалануға байланысты шығыстар;

      3) вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы ағытпа жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға арналған шығыстар;

      4) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдауға тартылған вагондарды жалға алу шығыстары;

      5) "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелді) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды субсидиялау жағдайын қоспағанда, қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды қоса отырып, сатып алуға арналған шығыстар.

      9. Ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың маусымдылығына және поездардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне, жолаушылар ағынына байланысты шартқа қосымша келісім жасау арқылы вагондардың субсидияланатын жүрген жолының көлеміне сәйкес субсидиялар көлемін қайта қарауға жол беріледі.

      Жыл сайын субсидиялауға жататын шығыстар көлемі жасалған шарт бойынша бір вагон-километрге субсидия көлемін пропорционалды айқындау және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау шартына (бұдан әрі - шарт) сәйкес вагондар, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар жүрген жолының өзгерісін ескере отырып, оны вагон-километр көлеміне көбейту жолымен есептеледі.

      10. Облыстық бюджеттен ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша субсидияларды төлеу тиісті төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.

      11. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр поезд бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып жүзеге асырылады.

      12. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген расталған есептік құжаттамамен жасалған шартқа сәйкес тасымалдау бойынша ай сайын жүргізіледі.

      13. Тасымалдаушы облыстың уәкілетті органына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-і күніне дейінгі мерзімде ұйымның басшысы, бас бухгалтері қолдарын қойған және мөрмен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда қамтылған көрсеткіштердің түсіндірме жазбасын, түсіндіруші есепті қоса отырып, жыл басынан өсуі бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастарда жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті.

      Бұл ретте субсидияланатын шығыстарды анықтау вагондардың жүріп өткен жолының жалпы көлеміне және осы тармақшада көрсетілген есептерде ұсынылатын тасымалдаушының субсидияланатын шығыс баптарына іспеттес тасымалдаушының жалпы шығыстарына пропорционалды жүзеге асырылады;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда орындалған жұмыстар актісін;

      3) Ұлттық инфрақұрылым операторының қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, типтер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, вагон айналымы, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын поездардағы вагондарда халықтың болуы туралы мәліметтерді қамтитын құжатын;

      4) Ұлттық инфрақұрылым операторының және тасымалдаушының қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, типтері бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, вагон айналымы, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарда халықтың болуы туралы мәліметтерді қамтитын құжатын;

      5) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивпен тарту операторы арасындағы есептік кезеңде әр айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;

      6) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстар тізілімін;

      7) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда субсидияланатын маршруттардың тізілімін;

      8) жоспарлы жөндеу түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды жалға алу, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттарды.

      14. Жоспарлы жөндеу түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды жалға алу, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      1) тасымалдаушы мен вагондарды жөндеу (күрделі жөндеу, деполық жөндеу, тиімді пайдалану мерзімін ұзарта отыра күрделі жөндеу және күрделі қалпына келтіріп жөндеу) және оларға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ жасалған шартта көрсетілген вагондарға техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы есепті кезеңде әр айдың бірінші күніне арналған жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;

      2) тасымалдаушы мен шартта көрсетілген вагондарды жалға беру қызметін ұсынатын ұйымдар арасындағы (есепті кезеңде әр айдың бірінші күніне арналған жағдай бойынша есеп айырысу) өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;

      3) вагондарды жалға беру, күтіп-ұстау және сатып алу шығыстары бойынша шот-фактуралар, есептелген амортизация ведомосі және оны есепті кезеңдегі шығыстарға жатқызу, электр энергиясы және дизель отыны шығыстары бойынша орындалған жұмыстар шот-фактуралары және актісі;

      4) жеті банк күні ішінде (субсидиялау сомасы тасымалдаушының есебіне аударылғаннан кейін) вагондарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмасының түпнұсқасын ұсына отыра, вагондар сатып алынған ұйымның төлем шоттары;

      5) шарттардың жасалуына қарай ұсынылатын ай сайынғы төлем кестесі мен қосымша келісімдерді қоса отыра, кредит шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері және вагон сатып алудың қаржы лизингі туралы шарттар.

      15. Облыстың уәкілетті органы тасымалдаушылар осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап, күнтізбелік он бес күн ішінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды және есепті кезеңдегі шығыстардың тізілімі мен төлем шотын осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынады.

  Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
  Нысан 

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы ай сайынғы есеп 20___ жылғы ________________

Кезең (ай)

Поездың №

Қатынас

Арақа
шықтық, километр

Қатынау жиілігі

Вагон типі

Вагондардың азаймайтын жүрген жолы, мың вагон/километр

Вагондардың жүрген жолы,
мың вагон/километр

Жолаушылар айналымы, мың жолаушы/километр

Тасымалданған жолаушылар, мың адам

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Халық саны, адам/вагон

Тасымалдау шығыстары, мың теңге

Шығыстардың барлығы, мың теңге

МТЖ қызметіне

Локомотивпен тарту қызметіне

Вагондарды жалдауға

Вагондарды сатып алуға

Вагондарды күтіп-ұстауға


11

12

13








      Басшы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша 
  Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың орындалуы туралы жыл басынан өсу бойынша есеп 20__ жылғы _____________

Кезең

Поездың №

Қатынас

Арақа
шықтық, километр

Қатынау кезеңділігі

Вагон типі

Вагондардың азаймайтын жүрген жолы, мың вагон/километр

Вагондардың жүрген жолы,
мың вагон/километр

Жолаушылар айналымы, мың жолаушы/ километр

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Тасымалданған жолаушылар,
мың адам

Тасымалдау жөніндегі шығыстар, мың теңге

Шығыстардың барлығы, мың теңге

Шығыстарды субсидиялау көлемдері, мың теңге

магистральды теміржол желісі қызметіне

локомотивпен тарту қызметіне

вагондарды жалдауға

вагондарды сатып алуға

вагондарды күтіп- ұстауға

жыл басынан төленген субсидия

субсидиялауға жатады

10

11

12

13

14










      Басшы

      Бас бухгалтер Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша 
  Нысан

Орындалған жұмыстар актісі

      20___ жылғы "____" _____________

      Біз, төменде қол қойып отырғандар

      ____________________________________________________________

      (акт қабылдауға жауапты басшының қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда)

      бір тараптан және

      _________________________________________________________________________

      (басшының, бас бухгалтердің қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда)

      екінші тараптан 20___ жылғы _____________ осы орындалған жұмыстар актісін жасадық.

Поезд №

Қатынау күндерінің саны

Вагонның типі

Вагон айналымы, мың вагон/ километр

Азаймайтын вагон айналымы, вагон/километр

Субсидиялау сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

 


Купе




 


Плацкарт




 


Жалпы




 


Қызмет-техникалық




 


электр поезы




 


дизель поезы




 


БАРЛЫҒЫ




      20___ жылғы ___________________ субсидиялау сомасы

      _____________________________________________________________ құрайды

      (сома санмен және сөзбен теңгеде жазылады)

      Тараптардың заңды мекенжайы: Тасымалдаушы:

      Уәкілетті орган: Бизнес сәйкестендіру номері

      Бизнес сәйкестендіру номері Банк деректемелері

      Банк деректемелері ________________________

      ___________________________ (басшының қолы, аты-жөні (бар болған басшының қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда) жағдайда)(

      __________________________

      (акт қабылдауға жауапты басшының қолы, ________________________

      аты-жөні (бар болған жағдайда) (бас бухгалтердің қолы, аты-жөні

      (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарының тізілімі
__________ жылғы __________ ай (тасымалдаушының атауы)

Кезең

Шығыстар дың
атауы

Шығыстар
құжаты

Шығыстар
құжатының сомасы, мың теңге

Вагондардың жалпы жүрген жолы, мың вагон/километр

Субсидиялана тын вагондар бойынша жүрген жолы, мың вагон/километр

Субсидия
ланатын вагондар бойынша шығыстар сомасы, мың теңге

 







 







 







 







 







      Басшы Бас бухгалтер

      __________________________ _________________________

      Қолы, аты-жөні Қолы, аты-жөні

      (бар болған жағдайда) (бар болған жағдайда)

  Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

Субсидияланатын маршруттардың тізілімі

      20___ жылғы "___" ___________________

 Р/с №

Поездың №

Жөнелту стансасы

Жету стансасы

Субсидиялау сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

 





 





      Субсидиялау сомасының барлығы:

      __________________________________________________________________

      (сома санмен және сөзбен теңгеде жазылады)

      Осы тізілімге мыналар қоса беріліп отыр:

      1. _________________________________________________

      2. _________________________________________________

      3. _________________________________________________

      Тараптардың заңды мекенжайы: Тасымалдаушы:

      Уәкілетті орган: Бизнес сәйкестендіру номері

      Бизнес сәйкестендіру номері Банк деректемелері

      ___________________________ __________________________

      (басшының қолы, аты-жөні (басшының қолы, аты-жөні

      (бар болған жағдайда) (бар болған жағдайда)

      __________________________ ___________________________

      (акт қабылдауға жауапты басшының қолы, (бас бухгалтердің қолы, аты-жөні

      аты-жөні (бар болған жағдайда) (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады