"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің 9-5-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 450 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4421 болып тіркелді).
3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
К. Аксакалов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
__________________
"____"____________2020 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурызы № 65 қауылмен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің 9-5-бабына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын (бұдан әрі – шығыстар) субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) облыстың уәкілетті органы – Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жолаушылар көлігі саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген облыстық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын атқарушы орган;
2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін жаңғыртуды, күтіп-ұстауды, пайдалануды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.
2. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау тәртібі
3. Субсидиялауға шығыстары облыстық бюджет есебінен субсидиялауға жататын, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері бойынша айқындалған тасымалдаушының шығыстары жатады.
4. Шығыстарды жыл сайынғы субсидиялаудың жалпы сомасы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бекіткен Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау көлемін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес есептелген облыстық бюджетте көзделеді.
5. Пойыздардың тізбесін, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың санын, олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастарда қатынау кезеңділігін, осы пойыздардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің көлемін облыстың уәкілетті органы айқындайды.
6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін субсидиялар мөлшерін есептеуді Әдістемеге сәйкес тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, әрбір жолаушылар пойызы бойынша жүргізеді.
7. "Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелді) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе вагондары, дизель және электр пойыздарының вагондары, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар, сондай-ақ тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шеңберінде жолаушылар пойызының қатынауын (пайдаланылуын) қамтамасыз етуге технологиялық тұрғыда қажет вагондар санаттарымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты нақты шығыстары субсидиялауға жатады.
8. Бекітілген облыстық бюджет шегінде шығыстардың мынадай түрлері субсидиялауға жатады:
1) магистральды теміржол желісінде көрсетілетін қызметтер шығыстарын, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың пойыздарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс шығыстары;
2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада мен жолсеріктердің еңбегіне ақы төлеу қорын, поездарды тартуға арналған отын және электр энергиясын қоса алғанда, тарту жылжымалы құрамды пайдалануға байланысты шығыстар;
3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы техникалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;
4) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдау кезінде тартылған вагондарды жалға алу шығыстары;
5) "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелді) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидиялау жағдайларын қоспағанда, қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды қоса алғанда, жолаушыларды қатынастар бойынша тасымалдау кезінде тартылған вагондарды сатып алуға арналған шығыстар.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 02.04.2021 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарының маусымдылығына, пойыздардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне және жолаушылар ағымына байланысты субсидияланатын вагондардың жүру көлемдеріне сәйкес субсидиялар көлемдерін ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау жолымен қайта қарауға жол беріледі.
Жыл сайын субсидиялауға жататын шығыстар көлемі жасалған шарт бойынша бір вагон-километрге субсидиялау көлемін пропорционалды айқындау және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау шартына (бұдан әрі - шарт) сәйкес вагондар, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүрген жолының өзгерісін ескере отырып, оны вагон-километр көлеміне көбейту жолымен есептеледі.
10. Ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша субсидиялар төлеу қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттен жүргізіледі.
11. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр пойыз бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып жүзеге асырылады.
12. Субсидияларды төлеу жасалған шартқа сәйкес осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген нақты жүзеге асырылған және есептік құжаттамамен расталған тасымалдар бойынша ай сайын жүргізіледі.
13. Тасымалдаушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін облыстың уәкілетті органына ұйымның басшысы, бас бухгалтері қолдарын қойған және мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын орындау туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда қамтылған көрсеткіштердің есебін түсіндіретін түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда жыл басынан бастап өсу бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастарда темір жол жолаушылар тасымалдарын орындау туралы есеп.
Бұл ретте субсидияланатын шығыстарды айқындау вагондардың жүрген жолының жалпы көлеміне және осы тармақшада көрсетілген есептерде ұсынылатын тасымалдаушы шығыстарының субсидияланатын баптарына ұқсас тасымалдаушының жалпы шығыстарына пропорционалды жүзеге асырылады;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда орындалған жұмыстар актісін;
3) Ұлттық инфрақұрылым операторының қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылардың, типтері бойынша вагондардың саны, жолаушылар айналымы, вагон айналымы, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүретін пойыздардағы вагондарда халықтың болуы туралы мәліметтерді қамтитын құжатын;
4) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын үлгілер бойынша вагондарда тасымалданған жолаушылар саны, вагон айналымы, жолаушылар айналымы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаттарын;
5) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивпен тарту операторы арасындағы есептік кезеңде әр айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;
6) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстар тізілімін;
7) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда субсидияланатын бағыттардың тізілімін;
8) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды жалдау, сатып алу және күтіп ұстау шығыстарын, олардың жоспарлы жөндеу түрлерін және техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, растайтын құжаттарды.
14. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын, олардың жоспарлы жөндеу түрлерін және техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) тасымалдаушы мен жөндеу (күрделі жөндеу, деполық жөндеу, тиімді пайдалану мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеу және күрделі қалпына келтіріп жөндеу) және техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ жасалған шартта көрсетілген вагондарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы есепті кезеңдегі әрбір айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актілері;
2) шартта көрсетілген вагондарды жалдау бойынша қызметтерді ұсынатын тасымалдаушы мен ұйым арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актілері (есепті кезеңдегі әр айдың бірінші күніне арналған жағдай бойынша);
3) вагондарды жалға алу, күтіп-ұстау және сатып алу шығыстары бойынша шот-фактуралар, есепті кезең үшін есептелген амортизация және оны шығыстарға жатқызу тізімдемесі, электр энергиясы мен дизель отынына шығыстар бойынша шот-фактуралар және орындалған жұмыстар актілері;
4) жеті банк күні ішінде (субсидиялау сомасы тасымалдаушының шотына аударылғаннан кейін) вагондарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмаларының түпнұсқаларын ұсына отырып, вагондар сатып алынған ұйымның төлеуге берілетін шоттары;
5) ай сайынғы төлемдер кестесін және қосымша келісімдердің жасалуына қарай оларды ұсынылатын қосымша келісімдерді қоса бере отырып, вагондарды сатып алуға арналған кредиттік шарттар мен қаржылық лизинг туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
6) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген шығыстарды растайтын өзге де құжаттар.
15. Облыстың уәкілетті органы тасымалдаушылар осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды және есепті кезеңдегі шығыстардың тізілімі мен төлем шотын осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынады.
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп
Есептік кезең: 20___жылғы ____________ Индекс: 1-ЖТ Кімге ұсынылады: жергілікті атқарушы органға. Кезеңділігі: ай сайын. Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен айқындалған теміржолмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын субъектілер.
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін. Әкімшілік деректер нысаны: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Интернет-ресурсында орналастырылады.
Темір жол қатына-сының атауы | Пойыз-дың № | Маршру-ттың арашық-тығы, километр | Пойыз-дың қатынау кезең-ділігі | Вагон түрі | Вагон-дардың азай-майтын жүрген жолы, мың вагон/ километр | Вагон-дардың жүрген жолы, вагон/ километр | Жолау-шылар айна-лымы, мың жолаушы/километр | Тасымал-данған жолау-шылар, мың адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Вагон-дардың толығуы, адам/вагон | Тасымалдау бойынша шығыстар, мың теңге | Жиыны | |||||
магис-тральдық теміржол желісі қызметіне | локомо-тивтік тарту қызме-тіне | вагон-дарды жал-дауға | вагон-дарды сатып алуға | вагон-дарды күтіп-ұстауға | өзге де шығыс-тар | шығыс-тар мың теңге | |
10 | 11 | 12 |
Атауы ______________________ Мекенжайы_____________________ ____________________________ ________________________________ Телефоны______________________________________________________
Электрондық почтаның мекенжайы_______________________________________ Орындаушы___________________________________________ _______________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
"Теміржол жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Теміржол жолаушылар тасымалдарын орындау туралы ай сайынғы есеп" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмелер
1. Осы түсіндірмелер "Теміржол жолаушылар тасымалдарын орындау туралы ай сайынғы есеп" нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі - Нысан).
2. Нысанды "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен айқындалған теміржолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын субъектілер жергілікті атқарушы органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін ұсынады.
3. Нысанға басшы және бас бухгалтер қол қояды, мөр басылады (бар болған жағдайда).
4. Нысан былайша толтырылады:
1-бағанда теміржол қатынасының атауы көрсетіледі;
2-бағанда пойыздың номері көрсетіледі;
3-бағанда пойыздың маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейін өтетін қашықтығы километрмен көрсетіледі;
4-бағанда пойыздың аптасына қатынайтын күн саны көрсетіледі;
5-бағанда вагонның түрі: жалпы, купе, плацкарт көрсетіледі:
6-бағанда жасалған шарттарға сәйкес есепті кезеңде тасымалдаушы қамтамасыз етуге міндетті жөнелту станциясынан межелі станцияға дейін және кері тасымалдау қашықтығына (километр саны) вагондар санының көбейтіндісі ретінде есептелетін көрсеткіш көрсетіледі, мың вагон-километр;
7-бағанда жөнелту станциясынан межелі станцияға дейін және кері тасымалдау қашықтығына (километр саны) вагондар санының көбейтіндісі ретінде есептелетін көрсеткіш көрсетіледі, мың вагон-километр;
8-бағанда жолаушыларды тасымалдау көлемін көрсететін көрсеткіш көрсетіледі, жолаушылар санының тасымалдау қашықтығына көбейтіндісі ретінде есептеледі, мың жолаушы-километрмен;
9-бағанда тасымалданған жолаушылар саны, мың адам;
10-бағанда жолаушылар санының вагондардың санына көбейтіндісі ретінде есептелетін вагондардағы тасымалданған жолаушылар санын көрсететін көрсеткіш көрсетіледі;
11-бағанда төменде көрсетілген шығыстардың көлемі мың теңгемен көрсетіледі:
- магистральдық темір жол желілері (бұдан әрі – МТЖ) қызметтеріне арналған шығыстар;
- локомотивтік тарту қызметтеріне арналған шығыстар;
- вагондарды жалға алу шығыстары;
- вагондарды күтіп-ұстауға арналған шығыстар;
-өзге де шығыстар.
12-бағанда барлық шығыстардың сомасы ретінде есептелетін шығыстардың жиынтық көлемі көрсетіледі, оның ішінде: МТЖ қызметтері; локомотивтік тарту қызметтері; вагондарды жалдау; вагондарды күтіп-ұстау; өзге де шығыстар; мың теңгемен.
Жылдың басынан бастап өсу бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп
Есептік кезең: 20___жылғы ____________ Индекс: 1-ЖТ Кімге ұсынылады: жергілікті атқарушы органға. Кезеңділігі: ай сайын. Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен айқындалған теміржолмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын субъектілер.
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін. Әкімшілік деректер нысаны: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Интернет-ресурсында орналастырылады.
Темір жол қатына-сының атауы | Пойыз-дың № | Марш-руттың арашық-тығы, километр | Пойыз-дың қатынау кезең-ділігі | Вагон түрі | Вагон-дардың азай-майтын жүрген жолы, мың вагон/ километр | Вагон-дардың жүрген жолы, вагон/ километр | Жолау-шылар айналымы, мың жолаушы/километр | Тасымал-данған жолау-шылар, мың адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Вагон-дардың толығуы, адам/вагон | Тасымалдау бойынша шығыстар, мың теңге | Шығыс-тар жиыны, мың теңге | Шығыстарды субси-диялау көлемі, мың теңге | |||||
Магист-ральды теміржол желісі қызметіне | локомо-тивтік тарту қызметіне | вагон-дарды жалдауға | вагон-дарды күтіп-ұстауға | өзге де шығыс-тар | жыл басынан төленген субсидия | субсидия-лауға жатады | ||
10 | 11 | 12 | 13 |
Атауы ______________________ Мекенжайы__________________________ ___________________________ ___________________________________ Телефоны______________________________________________________
Электрондық почтаның мекенжайы_______________________________________ Орындаушы___________________________________________ _______________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________ _______________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
"Жыл басынан бастап өсуі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жыл басынан бастап өсуі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмелер
1. Осы түсіндірмелер "Жыл басынан бастап өсуі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен айқындалған теміржолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын субъектілер жергілікті атқарушы органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін ұсынады.
3. Нысанға басшы және бас бухгалтер қол қояды, мөр басылады (бар болған жағдайда).
4. Нысан былайша толтырылады:
1-бағанда теміржол қатынасының атауы көрсетіледі;
2-бағанда пойыздың номері көрсетіледі;
3-бағанда пойыздың маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейін өтетін қашықтығы километрмен көрсетіледі;
4-бағанда пойыздың аптасына қатынайтын күн саны көрсетіледі;
5-бағанда вагонның түрі: жалпы, купе, плацкарт көрсетіледі:
6-бағанда жасалған шарттарға сәйкес есепті кезеңде тасымалдаушы қамтамасыз етуге міндетті жөнелту станциясынан межелі станцияға дейін және кері тасымалдау қашықтығына (километр саны) вагондар санының көбейтіндісі ретінде есептелетін көрсеткіш көрсетіледі, мың вагон-километр;
7-бағанда есепті айды қоса алғанда, жыл басынан бастап өсуі бойынша жөнелту станциясынан межелі станцияға дейін және кері тасымалдау қашықтығына (километр санымен) вагондар санының көбейтіндісі ретінде есептелетін көрсеткіш көрсетіледі;
8-бағанда есепті айды қоса алғанда, жыл басынан бастап өсуі бойынша тасымалдау қашықтығына (километр санымен) жолаушылар санының көбейтіндісі ретінде есептелетін, жолаушыларды тасымалдау көлемін көрсететін көрсеткіш көрсетіледі, мың жолаушы-километрмен;
9-бағанда есепті айды қоса алғанда, жыл басынан бастап өсуі бойынша тасымалданған жолаушылар көлемі мың адамда көрсетіледі;
10-бағанда жолаушылар санының вагондардың санына көбейтіндісі ретінде есептелетін вагондардағы тасымалданған жолаушылар санын көрсететін көрсеткіш көрсетіледі;
11-бағанда есепті айды қоса алғанда, жыл басынан бастап өсу бойынша төменде көрсетілген шығыстардың көлемі көрсетіледі:
- МТЖ қызметтеріне арналған шығыстар;
- локомотивтік тарту қызметтеріне арналған шығыстар;
- вагондарды жалға алу шығыстары;
- вагондарды күтіп-ұстауға арналған шығыстар;
-өзге де шығыстар.
12-бағанда барлық шығыстар сомасы ретінде есептелетін жыл басынан бастап өсу бойынша шығыстардың жиынтық көлемі көрсетіледі, оның ішінде: МТЖ қызметтері; локомотивтік тартқыш қызметтері; вагондарды жалдау; вагондарды ұстау; өзге де шығыстар; есепті айды қоса алғанда, мың теңгемен.
13-бағанда шығыстарды субсидиялау көлемі, мың теңге:
- тасымалдаушыға жыл басынан өсуі бойынша субсидиялар төленді;
- есепті айда төленуі тиіс.
Орындалған жұмыстар актісі 20___ жылғы "____" _____________
Біз, төменде қол қойып отырғандар __________________________________________________ (акт қабылдауға жауапты басшының қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда) бір тараптан және _________________________________(басшының, бас бухгалтердің қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда) екінші тараптан 20___ жылғы _____________ осы орындалған жұмыстар актісін жасадық.
Пойыз № | Қатынау күндерінің саны | Вагонның типі | Вагон айналымы, мың вагон/ километр | Азаймайтын вагон айналымы, вагон/километр | Субсидиялау сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Купе | |||||
Плацкарт | |||||
Жалпы | |||||
Қызмет-техникалық | |||||
электр пойызы | |||||
дизель пойызы | |||||
ЖИЫНЫ |
20___ жылғы ___________________ субсидиялау сомасы__________________________________ құрайды (сома санмен және сөзбен теңгеде жазылады)
Тараптардың заңды мекенжайлары:
Уәкілетті орган: Тасымалдаушы:
Бизнес сәйкестендіру номері Бизнес сәйкестендіру номері Банк деректемелері Банк деректемелері ___________________________ ___________________________ (басшының қолы, аты-жөні басшының қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда) (бар болған жағдайда)
________________________ ________________________ (актілерді қабылдауға жауапты (бас бухгалтердің қолы, аты-жөні басшының қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда) (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарының тізілімі __________ жылғы __________ ай (тасымалдаушының атауы)
Кезең | Шығыс-тардың атауы | Шығыс құжаты | Шығыс құжаты-ның сомасы, мың теңге | Вагон-дардың жалпы жүрген жолы, мың вагон/километр | Субсидия-ланатын вагондар бойынша жүрген жолы, мың вагон/километр | Субсидия-ланатын вагондар бойынша шығыстар сомасы, мың теңге |
Басшы Бас бухгалтер __________________________ _________________________ Аты-жөні, қолы Аты-жөні, қолы (бар болған жағдайда) (бар болған жағдайда)
Субсидияланатын маршруттардың тізілімі 20___ жылғы "___" ___________________
Р/с № | Пойыздың № | Жөнелту стансасы | Жету стансасы | Субсидиялау сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Субсидиялау сомасының жиыны: ______________________________________________________ (сома санмен және сөзбен теңгеде жазылады)
Осы тізілімге мыналар қоса беріліп отыр: 1. _______________________ 2. ____________________________ 3. _____________________
Тараптардың заңды мекенжайлары:
Уәкілетті орган: Тасымалдаушы: Бизнес сәйкестендіру номері Бизнес сәйкестендіру номері Банк деректемелері Банк деректемелері ___________________________ ________________________ (басшының қолы, аты-жөні басшының қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда) (бар болған жағдайда)
___________________________ ________________________ (актілерді қабылдауға жауапты (бас бухгалтердің қолы, аты-жөні басшының қолы, аты-жөні (бар болған жағдайда) (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда)