Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 494 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/8 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 4457 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аудандық өкілетті және атқарушы органдар ойын ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныстанған, Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес таратылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" (бұдан әрі – Әкім аппараты) және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Солтүстік Қазақстан өңірлік құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді деректер есебінен шығаруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөнінде орынбасарына және облыстық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақалов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатың
ХVII сессиясының төрағасы
А.Молдағұлов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың хатшысы
В.Бубенко

  Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 494 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/8 шешіміне қосымша

Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныстанған, Солтүстік Қазақстан облысының таратылған әкімшілік-аумақтық бірлігінің тізбесі

Реттік №

Аудандардың атауы

Ауылдық округтер атауы

Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныстанған, әкімшілік-аумақтық бірліктер атауы

Халықтын саны

1.

Мағжан Жұмабаев

Советский

Селекті

0

2.

Мағжан Жұмабаев

Писарев

Байшілік

0

3.

Мамлют

Становской

Орленок аялдама пункті

0

4.

Тайынша

Алабота

Сүгірбай

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады