"Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қазанда № 4339 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-161 тіркелген, "Қызылжар нұры" газетінде 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 нөмірінде, "Проспект-СК" газетінде 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 нөмірінде жарияланған) 2009 жылғы 29 шілдедегі №3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармағының 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Ведомствоаралық әлеуметтік есеп айырысу орталығы" департаменті;",

      2-тармағының 10) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10) "Петропавл қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;",

      2-тармағының 11) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11) "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;",

      2-тармағының 12) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "12) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті.",

      3-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі уәкілетті органы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ерекше тәртіпті қолдана отырып, Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырсын.".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық
      маслихат сессиясының
      төрағасы Т. Тоқмұхамбетов
      Петропавл қалалық
      маслихатының хатшысы А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады