Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 29.11.2018 № 26-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 3963 болып тіркелді, 2016 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібінде және мөлшерінде:
2 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы мәслихатының | |
хатшысы | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы мәслихатының | |
ХII сессиясының төрағасы | С. Мұқанов |