"Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекіту туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 қазандағы № 6-13-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қарашада № 4371 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6- 47-17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 25.11.2020 № 6-47-17 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4147 тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Қағидада көрсетілген 10-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Осы Қағиданың 2-қосымшасындағы 1), 3) - 13) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша әлеуметтік көмек орта есеппен жан басына шаққандағы (отбасының) табысты есепке ала отырып, күнкөріс шегі 1,5 көлемінен аспайтын азаматтарға, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір рет беріледі.";

      10-1. тармағымен толықтырылсын:

      "10-1. Осы Қағиданың 2-қосымшасының 2-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек табысты есепке алмай, 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір рет беріледі."

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді және 2017 жылдың 5 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық
      маслихатының
      XIII сессиясының төрағасы Б.Құсайынов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық
      маслихатының хатшысы Б.Жанахметов
      КЕЛІСІЛДІ
      Солтүстік Қазақстан
      облысының әкімі Қ.Ақсақалов
      2017 жылғы 31 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады