Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 6-14-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 4431 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 7-11-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 29.10.2021 № 7-11-2 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық маслихатының
XIV сессиясының төрағасы
Б.Құсайынов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық маслихатының хатшысы
Б.Жанахметов

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 6-14-2 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен Комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен белгіленеді.

      5. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларға сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады