Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй алу немесе салу үшін 2018 жылы көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 22-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 4468 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Осы шешімнің 1 тармағының күші ветеринария саласындағы қызметтін жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.

            3. Осы шешім бірінші бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Закенов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихатының хатшысы
А.Хоршат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады