"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 08-08/393 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округі Мәдениет ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 29 мамырда № 4198 тіркелген, 2017 жылғы 22 мамырда "Есіл Өңірі" және "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | К.Ахметжанов |