Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 4168 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атыңдағы ауданы Қырымбет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атыңдағы ауданы Қырымбет ауылдық округі әкімінің 13.11.2017 № 5 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 08-08/151 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі Сокологоровка ауылының Карл Маркс көшесінде ірі қара мал арасында бруцелез ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Қ. Беркінәлі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады