"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 20маусымдағы № 253 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі Урожайное ауылының "АЗКО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы фермасының аумағында жылқылар арасында жұқпалы ринопневмонияошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2."Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі Урожайное ауылының "АЗКО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 15 мамырда № 4183 тіркелген, 2017 жылғы 22 мамырда "Есіл Өңірі" және "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешімалғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Ғ. Тайжанов |