Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі Урожайное ауылының "АЗКО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Ломоносов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 мамырда № 4183 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі әкімінің 16.11.2017 № 13 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 08-08/150 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі Урожайное ауылының "АЗКО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы фермасының аумағында жылқылар арасында ринопневмония ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Н. Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады