Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі Рузаевка ауылының "Корель" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 25 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 тамызда № 4296 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің 05.01.2018 № 1 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 26 шілдедегі № 08-08/317 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі Рузаевка ауылының "Корель" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің
міндетін атқарушы
С. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады