Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі Явленка ауылының көшесіне атын беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қаңтарда № 4035 болып тіркелді

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін ескере отырып, 2016 жылғы 19 қазандағы Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы қорытындысы негізінде, ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
      1. Явленка ауылындағы атаусыз көшеге Борамбай Әбішевтің аты берілсін шекара шегінде:
      көшенің басы- Явленка ауылы Қизатов көшесі №80 мекен-жайда орналасқан "Кеңес Одағының Батыры - Тимофей Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, көшенің аяқталуы –Явленка ауылы Сыздықов көшесі № 34 мекен жайында орналасқан "Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Явленка орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       Е.Мұстафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады