Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 125 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4210 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 234 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 03.10.2017 № 234 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Есіл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарына баспа материалдарын орналастыру үшін орыны 1 қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарына таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарттық негізде үй-жай 2 қосымшаға сәйкес ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппарат басшысы Александр Юрьевич Кравчукке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Әбішев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Есіл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Қ.Рахиев
      2017 жылғы 29 мамыр

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 125 қаулысына1 қосымша

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орыны

№ п/н

Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын ораналастыруға арналған орыны

1.

Явленка ауылдық округі, Явленка ауылы

Явленка ауылының орталық алаңы, ақпараттық стенд, Ибраев көшесі,
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің ауданы (келісім бойынша)

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 125 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарына таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін үй-жай

№ п/н

Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесуге арналған үй-жай

1.

Явленка ауылдық округі, Явленка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" комуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы, Ленин көшесі, 1.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады