Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 234 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қазанда № 4343 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына, 50 бабына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2843 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4210 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 маусымда Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады