"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2017 жылға арналған квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 50 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 247 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қарашада № 4368 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 1 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2017 жылға арналған квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 50 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4080 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады