Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 01.11.2017 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына, 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азамттарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және даму министірлігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыру-құқықтық түріне және меншік түріне тәуелсіз, 2017 жылға арналған Есіл ауданы ұйымдары жұмысшыларының тізім санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындары квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыру-құқықтық түріне және меншік түріне тәуелсіз, 2017 жылға арналған Есіл ауданы ұйымдары жұмысшыларының тізім санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындары квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі |
М.Әбішев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 50 қаулысына 1 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар ішінен азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйым атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Агрохимснаб" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 1% | 1 |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 50 қаулысына 2 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар ішінен азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйым атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Малвенова Е.В." | 3 | 1% | 1 |