Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.03.2019 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдгінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде әкімдіктің осы қаулысының көшірмесін қағаз және электронды түрінде қазақша және орысша тілінде Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан өңірлік құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауына және Қазақстан Республикасының Нормативті құқықтық актілер эталондық бақылау банкіне қосуға;
3) оны ресми жариялағаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдгінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында осы қаулыны орналастыру.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 330 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйым атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Явленка орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша) | 56 | 2% | 1 |