Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешендері мамандарына тұрғын-үй салуға немесе сатып алуға 2018 жылы әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 23/116 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 4515 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8, 9-тармақтарына "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 44279 тіркелген), "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 тіркелген) бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қағидаларының 4-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудан әкімімен мәлімделген қажеттілікті есепке ала отыра Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешендері мамандарына ұсынылсын:

      1) өтінішті тапсыру кезіндегі жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомадағы көтерме жәрдемақы;

      2) өтінішті тапсыру кезіндегі маманмен мәлімделген сомада, бірақ айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз көлемінен аспайтын сомада тұрғын-үй сатып алуға және салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау.

      2. Осы шешімнің 1 тармағының күші сонымен қатар ветеринария облысында өз қызметін жүзеге асыратын ветеринариялық пунктердің ветеринария мамандарына таралады.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннің аяқталуынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Д.Қалиев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А.Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады