"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 09-11/130 Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің Заградовка ауылы "Прометей-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Заградовка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 11 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің Заградовка ауылы "Прометей-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4243 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 шілдесінде жарияланған) шешімі күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Б.Төлегенов |