Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 27.12.2023 № 11/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 38/4 шешіміне (2015 жылғы 17 шілдеде "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылғы 17 шілдеде "Сельская новь" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3297 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихатының кезекті IХ сессиясының төрағасы |
В. Волков |
Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы |
Б.Мұсабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
2017 жыл |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалары) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайлар туындағанына байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмек үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарастыру бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистика органдарымен есептелген мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тұратын тұлғаларға таратылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігімен берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі және әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісуі бойынша бір жолғы мөлшерде белгіленеді.
7. Учаскелік және арнайы комиссия өз қызметтерін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде бір мезгілде көрсетіледі.
12. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 14) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 60 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын бір мезгілде көрсетіледі.
13. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 15) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, ұсынылған шот-фактураға сәйкес құн мөлшерінде (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) 2 жылда бір реттен астырмай көрсетіледі.
14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
15. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 17) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсетілген тұлғаларға толық мемлекеттік қамқорлығында болмаса ғана көрсетіледі.
16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын көрсетіледі.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігімен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.
18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
19. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күннің ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) матиериалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.
21. Учаскелік комиссия екі жұмыс күннің ішінде құжаттарды алған күнінен бастап өтініш беруші жөнінде тексеру жүргізеді, оның нәтижесінде адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, осы Қағидалардың 5, 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаж екені туралы қорытынды әзірлейді және оларды ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
22. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
23. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
24. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарастыруына ұсынады.
25. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
26. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
27. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
28. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек бір күнтізбелік жыл бойы қайта көрсетілмейді.
29. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан;
30. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына сомаларды уәкілетті органдардың аударуы жолымен жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмектін тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер
31. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Жамбыл ауданының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
32. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
33. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ еселігі және мөлшері
р/б | Әлеуметтік көмектің атаулы күндерінің, мереке күндерінің және алушылар санаттарының атауы | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері |
1 | 2 | 3 |
15 ақпан – Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні | ||
1 | Кеңестік Армияның, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшы құрамдарына кірген тұлғалар (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса айтқанда); жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндетті тұлғалар; жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста Ауғанстанға жүк жеткізу үшін сол елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан әскери тапсырмалармен Ауғанстанға ұшқан ұшқыштар құрамының әскери қызметкерлері; Ауғанстандағы кеңестік жауынгерлер құрамына қызмет көрсеткен, жарақат, жарымжандық, зақым алған немесе жауынгерлік әрекеттерді қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер. |
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
2 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа уақыттардағы өзге де әскери міндеттерін атқару барысында немесе майданда болуына байланысты ауыруы нәтижесінде, сондай-ақ жауынгерлік әрекеттер жүргізілген Ауғанстан немесе басқа да мемлекеттердегі әскери қызметін өтеу кезінде алынған жарақат, жарымжандық, зақым нәтижесінде мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер. |
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
3 | Өзге елдерде әрекеттегі армияның жауынгерлер құрамына қызмет еткен және жауынгерлік әрекеттер кезеңінде жарақат, жарымжандық, зақым немесе ауру нәтижесінде мүгедектікке душар болған тиісті санаттың жұмысшылары мен қызметшілері. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
4 | Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттер кезінде немесе жауынгерлік әрекеттер орын алған өзге мемлекеттерде жарақат алу, жарымжандық, зақым, ауру нәтижесінде қаза тапқан (із-түзсіз жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
5 | 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және жауынгерлік әрекеттер жүргізілген басқа да елдерге жұмыс істеу үшін барған жұмысшылар мен қызметшілер. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
6 | Ауғанстан аумағында уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген контингенті құрамына енбеген, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні | ||
1 | "Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
26 сәуір – Чернобыль атом электрстансасындағы апатты еске алу күні | ||
1 | 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электрстансасы және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жоюға, сондай-ақ ядролық қаруды сынақтан өткізу мен оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
2 | Чернобыль атом электрстансасы апаты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болған тұлғалар, және ата-анасының біреуінің радиациялық сәуле алуына байланысты мүгедектігі генетикалық тұрғыда болған олардың балалары. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
3 | Чернобыль атом электрстансасы және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жою кезінде қазаға ұшыраған тұлғалардың отбасылары. |
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік |
4 | Сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған тұлғалардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қазасы белгіленген тәртіпте Чернобыль атом электрстансасы немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізудің әсерімен байланысты азаматтардың отбасылары. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
5 | 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстансасы апаты салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздігінен кеткен) тұлғалар, эвакуацияланған күні құрсақта жатқан балаларын қоса айтқанда. |
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік |
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні | ||
1 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары. |
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
2 | Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
9 мамыр – Жеңіс күні | ||
1 | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері. | Жылына 1 рет – 100 айлық есептік көрсеткіш |
2 | Әскери қызметкерлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған, Ұлы Отан соғысы кезінде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар. |
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік |
3 | Кеңестік Армия, Әскери-Теңіз флоты, жасақтар және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті жалдамалы құрамдарына кірген, Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі армияның құрамындағы әскери бөлімшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымы болған тұлғалар, немесе осы кезеңде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар. |
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
4 | Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнгалар ретінде әрекеттегі армия мен флот құрамындағы бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында болған тұлғалар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
5 | Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдер аумақтарында партизан отрядтары, астыртын топтар және өзге де фашизмге қарсы құрамалар құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
6 | Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері. |
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
7 | Блокада кезінде Ленинград қаласындағы кәсіпорындарда, қала мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
8 | Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлер, гетто және басқа да ықтиярсыз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
9 | Қызмет бабындағы міндеттерін өтеу барысында жарақат, жарымжандық, зақым алу немесе майданда болуына немесе жауынгерлік әрекеттер жүргізілген мемлекеттерде қызмет бабындағы міндеттерін атқаруына байланысты ауыруы нәтижесінде мүгедектікке душар болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдары құрамындағы тұлғалар. |
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
10 | 1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина Кеңестік Социалистік Республикасы, Белорус Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондар, взводтар мен халықты қорғау отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамдарында болған және осы батальондарда, взводтар мен отрядтарда қызмет бабындағы міндеттерін өтеу кезінде жарақат, жарымжандық немесе зақым алу салдарынан мүгедектікке душар болған тұлғалар. |
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
11 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлерiн өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
12 | Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің зайыптары (жұбайлары), сонымен қатар жалпы ауруы, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) мүгедек деп танылған қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыс істеушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтардың екінші қайтара некеге тұрмаған зайыптары (жұбайлары). |
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
13 | Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар. |
Жылына 1 рет – |
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні | ||
1 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
2 |
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi: |
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
3 | Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк үкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар. |
Жылына 1 рет – |
4 | Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары. |
Жылына 1 рет – |
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні | ||
1 |
Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстық (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары. | Жылына 1 рет – 10 айлық есептік көрсеткіш |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
р/б | Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаты | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және оның еселігі | Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1 | Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан жапа шеккен азаматтар (отбасылары). | 60 ең төменгі есептік көрсеткішке дейін, бір жолғы | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен 6 айдан кешіктірмей |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша |
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
1) жетiмдiк;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;
15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеуге мұқтаждығы;
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың және 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектердің Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
17) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы (денсаулық сақтау мекемелерінен анықтама ұсыну бойынша).
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша |
Отбасының тіркеу нөмірі ____
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
___________________________________ |
__________________________________ | ||
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) | (үйінің мекенжайы, тел.) | ||
р/б | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. "___" _______
____________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________
_______________________________________________________________________
3. Өмірдегі қиын жағдайлардың болуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке жүгінді _________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______________________________________________
адам, оның ішінде:
р/б |
Т.А.Ә. |
Туған күні |
Өтініш берушіге туыстық қатынасы |
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) |
Жұмыспен қамтылмау себебі |
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіби даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
Өмірлік қиын жағдайы |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам
Балалардың саны: _______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек):
_________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Отбасының табысы:
р/б № |
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. |
Табыс түрі |
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға |
орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_________________________________________________________________
______________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
9. Балалардың оқу құралдарымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ___________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_______________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады).
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 6-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
_________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасына) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ________ қабылданды
_________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы.