Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу және таңдаушылармен кездесулері үшін үй-жайды ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 127 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 маусымда № 4219 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшін шарттық негізде үй-жай 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі И. Турков
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Жамбыл аудандық
сайлау комиссиясының
төрайымы
Л. Топорова
      2017 жылдың 25 мамыры

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылдың 25 мамырындағы № 127 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

р/с №

Ауылдық округтің атауы

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

1.

Преснов

Пресновка ауылы Дружба көшесі, 19

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы ақпараттық стенд

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылдың 25 мамырындағы № 127 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай

р/с №

Ауылдық округтің атауы

Елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай

1.

Преснов

Пресновка ауылы Потанин көшесі, 26

"Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдеби қонақжайы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады